Қадыр Мырзалиев - Әдебиет - Реферат - Қазақша - ҚР

Загружается... Ждите...

Если долго не открывается нажмите F5.



 

А ТАКЖЕ

Выполняем курсовые, дипломные,
отчеты по практике
НА ЗАКАЗ!

kontrosha.kz@mail.ru



Поиск работ


Расширенный поиск


Написать нам


Ответы на часто задаваемые вопросы


Контакты


Правила работы

 

Пән: Әдебиет

Түп: Реферат

Көлем: 10 беттер

Қадыр Мырзалиев



Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы "Балдырған" журналында әдеби қызметкер, "Жұлдыз" журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 "Пионер" журналында жарияланған. Ол "Ақ отау", "Домбыра", "Қорамсаң" т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына, сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші. Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы "құлақтан кіріп бойды алар" сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтырының арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Танымал болудың жолы көп. Даулы тақырып, даңғаза пафос, қитұрқы сөз, қиқар мінез, қызыл көрсе қаралай сұғынған ашқарақтық, өзін көрсетер жер, өзіне бас шұлғыр ел іздеген жиыншылдық...Жә, санап тауысуың мүмкін емес. Бір ғажабы: Қадыр соның бәрінен ада. Ол дүбір мен дүрмектен қашпаса, жүгірмейді...Бірақ, соған қарамастан, кеңінен танымал...Ең ғанибеті: көптің назарына өзі жүгіріп танымал болып жүрген жоқ, оның жыры мен сырына көптің өзі жүгіріп танымал болып жүр.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасырда қатарынан қаздай тізілтіп он кітап берді: "Ақ отау", "Бұлбұл бағы", "Ой орманы", Дала дидары", "Көкпар", "Жерұйық", "Қызыл кітап". Мұның бәрі, әрине, қолыңыздағы таңдамалы томдарға сыйған жоқ. Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқанның өзінде де әрқайсысының шежірелік мағынадағы шалқар мазмұн тұтыстығы, симфониялық сипаттағы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай. Сонымен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін, өрбуін, өсуін көрсететін эволюциялық сатылар секілді де, бәрі қосылғанда тамаша таланттың өзгеше творчестволық тұлғасын айрықша ақындық мінезін сайып келгенде, ұланғайыр әсемдік әлемін қалыптастырған.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Сонымен, бірінші томдағы бірнеше кітап "Ой орманынан" "Дала дидарына", одан "Бұлбұл бағына" көшіп, ақыр-аяғында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған "Жерұйыққа" келіп, өзінің ақындық өнер биігіне осылай сатылап өрлеген Қадыр енді бір тұста поэзия жайлауына "Ақ отау", яки өз отауын, өзінің жыр отауын тігеді де төрінде отырып, екінші томда қолына құйқылжыған көңіл күйінің екі ішекті, он екі пернелі "Домбырасын" алады, сөйтіп тағы да сол өзі тапқан ырғақпен мәнер-машықпен төңірегін ағыл-тегіл шалқыған кербез күйге, сылқым сырға, сырбаз жырға толтыра күмбірлетіп кетеді.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Қадыр "Домбыра" тиегін осылай қондырады. Мұның өзі домбыра тиегі болуымен бірге екі кітапты өлең-эпопеяның беташары да:Тиек тіреп көтерген екі ішек құр құйқылжып ойнамады, ой айтады, сыр шертеді, демек Қадыр домбырасының тиегі шаңақ пен ішек арасындағы мөлшері болуға тиіс.




 
 
www.megastock.ru
Здесь находится аттестат нашего WM идентификатора 744108344937