Қазақ халқының салт - дәстүрлері - Тарих - Реферат - Қазақша - ҚР

Загружается... Ждите...

Если долго не открывается нажмите F5.



 

А ТАКЖЕ

Выполняем курсовые, дипломные,
отчеты по практике
НА ЗАКАЗ!

kontrosha.kz@mail.ru



Поиск работ


Расширенный поиск


Написать нам


Ответы на часто задаваемые вопросы


Контакты


Правила работы

 

Пән: Тарих

Түп: Реферат

Көлем: 8 беттер

Год: 2012

Қазақ халқының салт - дәстүрлері


Жоспар

1 Қазақ халқының салт - дәстүрлері 3
1.1 Бесікке салу 3
1.2 Той малы (дәстүр) 3
1.3 Дәмету 4
1.4 Қалың мал (дәстүр, кәде) 4
1.5 Күйеуаяқ (ғұрып) 5
1.6 Түйемұрындық (ғұрып) 5
1.7 Қыз қашар (дәстүр) 5
1.8 Құйрық бауыр (салт) 5
1.9 Ат мінгізіп, шапан жабу (салт) 6
1.10 Ай санау 6
1.11 Байлау (салт) 7
Әдебиеттер 8


1 Қазақ халқының салт - дәстүрлері

1.1 Бесікке салу

Бесікке салу қазақ халқының салтының бірі. Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. "Ел іші алтын бесік" деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап "тыштырма" жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға "бесікке салар", яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде "Бесік жыры" айтылады:

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.2 Той малы (дәстүр)

"Жүз жылқы той малына кетіпті" (М.Ж. Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар елдің дәстүр- салты бойынша сән -салтанатымен, жөн -жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде- жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген "той малы" деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.3 Дәмету

"Дәметкен сары майдан кеудең құрсын" (халық өлеңі). Дәметудің әр түрі бар. Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата- енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе, оның меселін қайтаруға болмайды.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.4 Қалың мал (дәстүр, кәде)

"Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой" (С. Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы "қалың мал" төлеуге тиіс. Бұл қазақ қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. "Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес- алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.5 Күйеуаяқ (ғұрып)

Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны "күйеуаяқ" дейді.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.6 Түйемұрындық (ғұрып)

Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп, батасын беріп, жол болсын айтады.h4>


(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.7 Қыз қашар (дәстүр)

"Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді "болыс үй" дейтін көрінеді". (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін "ұрын келу" десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі "қыз қашар" дейді. Бұл "ұрын тойы" өтетін күні болады. "Ұрын той" жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын "қол ұстатар", "шаш сипатар", "қыз құшақтар", "арқа жатар", "көрпе қимылдатар" тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.8 Құйрық бауыр (салт)

"Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" (мәтел). Бұл құдалық рәсімі болғанмен, ұлттық салт- дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға "құйрық бауыр" арнаулы сый әкеледі.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.9 Ат мінгізіп, шапан жабу (салт)

"Рахмет қос мергенді аттандырды, Астына ат мінгізіп, шапан жауып". (С.Тұрғынбеков).
Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты, яғни бұл "батыр", "ақын", "палуан" деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.10 Ай санау

"Жылым - қой, жұлдызым - июль" (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де, оны "ай санау" деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр.
Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт- санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген. Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол "Жұлдыз, ай" деп аталады.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

1.11 Байлау (салт)

"Бері кел, байлан мынаны!" (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі байлау.
Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет.

(жалғасы бүркеме)Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР,скачать

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. Алматы : "Алматы кітап" ЖШС, 2006. 376 б.
2 "Қазақтар". Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. 2-ші басылым. Алматы: "Білік" баспа үй, 2003. 1. Т. 373 б.




 
 
www.megastock.ru
Здесь находится аттестат нашего WM идентификатора 744108344937